60 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама оқу орындарының тапшылығын жою, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында қолға алынған.
Бұл жолы берілген пәтерлердің ішінде 15 – бір бөлмелі, 15 – екі бөлмелі, 30 – үш бөлмелі пәтер. Жаңа үй заманауи құрылыс талаптарына сай, инфрақұрылымы дамыған, жайлы әрі әдемі етіп салынған. Шара барысында сөз сөйлеген Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл:
– Бүгін заманауи үлгіде салынған, әдемі, жайлы үй өздеріңіз сияқты біршама жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға беріліп отыр. Пәтерлердің алғашқы легін «Шаңырақ күніне» орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы келіп табыстап, қуаныштарымен құттықтаған болатын. Бүгін, міне, тағы да 60 жанұяға пәтер кілтін беріп жатырмыз. Бұл үрдістің қарқынын жоғалтпай, жыл соңына дейін тағы 1500-ге жуық отбасыны жайлы баспанамен қамтысақ деп отырмыз, – деді.
Баспаналы болған тұрғындардың қатарында жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар. Олар өз алғыстарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың үлкен мәнге ие екенін атап өтті.
– Мен пәтер кезегінде 2013 жылдан бері көпбалалы ана ретінде тіркелген болатынмын. Міне 12 жылдан кейін көптен күткен қуанышқа кенелдім. Пәтер заманауи үлгіде жарық, әрі сапалы етіп жасалған екен. Ішімен қатар сыртқы көрінісі де өте әдемі. Бұл қуанышым ұзақ жылдар күткеніме тұрарлық болды. Барша үй алып жатқан жандарды шын жүрекпен құттықтаймын. Осындай пәтерлерді табыстап жатқан әкімдікке, барша жұмысшыларға алғыс білдіремін, — дейді екі бөлмелі пәтер алған Алтынай Аманбайқызы.
Бұл игі бастама – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Жыл соңына дейін жоспарланған пәтерлермен қамту жұмысы жалғасып, Талдықорғандағы баспана мәселесі біртіндеп шешімін табары сөзсіз.
Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ