ЖАС ҚАЛАМГЕРДІҢ ЖАРҚЫН ҚАДАМЫ

0
58

Жуырда Жетісу университетінің қабырғасында ерекше мәдени оқиға өтті. Журналистика кафедрасының 4-курс студенттерінің бірлескен жобасы ретінде жарық көрген «Арпалыс» кітабының тұсаукесері салтанатты түрде өткізілді. Туынды болашақ журналистердің шығармашылық ізденісінің нәтижесі ретінде көпшілік назарына ұсынылды.

Кітаптың идея авторы Журналистика кафедрасының оқытушысы Ілескен Әлбатырұлы. Еңбекте талантты студенттер шығармашылық танымын біріктіре отырып, тылсым әлем, махаббат, балалық шақ, көркемсөз арқылы суреттеудің тетіктері, бүгінгінің өзіндік проблемалары жайлы көзқарасын көркем тілмен жеткізуді мақсат еткен. Авторлық ұжым түрлі жанрларда қалам тербеген, олардың әрқайсысы өмірден алынған оқиғаларды өз шығармасына арқау еткен.
Жиынға өңірлік ақпарат саласының өкілдері арнайы шақырылды. Атап айтқанда, «Жетісу» газетінің тәжірибелі мамандары – Ришад Тұрғанбай мен Еңлік Кенебаева шеберлік сағатына қонақ ретінде келіп, өз тәжірибесін студенттермен бөлісті. Сонымен қатар, қос маман жаңа кітаптың тұсауын кесіп, болашақ жас мамандарға сәттілік тіледі.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ