Жетісулық бір әулеттің теміржол саласындағы еңбек өтілі – 347 жыл

0
18

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Әбішевтер әулетінің тоғыз өкілінің теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 347 жылға жетеді. Бір әулеттің бірнеше буыны осы саланы таңдап, өмір бойы теміржолда еңбек етіп келеді.

Солардың бірі – әке жолын жалғап, ғұмырының 44 жылын теміржолға арнаған Светлана Әбішова еңбек жолын Үштөбе станциясында бақылау бекетінің операторы болып бастаған. Бүгінде зейнет демалысында жүргенімен, оның еңбек жолы Әбішевтер әулетінің теміржол тарихының бір бөлігіне айналды. Теміржолда әулеттің тоғыз өкілінің еңбек өтілі 3 жарым ғасырға жетерлік.