Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Менің ойымша біздің Президентіміздің көрегендігі бар. Оны мойындауымыз керек, өйткені біз қазір көп ілгері жылжыдық. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың істеп жатқан істерінің бағыты оң екенін көрсетеді.
Жолдауды тыңдадық. Онда көп нәрсе айтылды, «көп нәрсе істеліну керек» деді. Оны кім істейді? Оның бәрі істі төреден қара халыққа дейін біздің жұмыла атқаруымызға байланысты істелінетін шаралар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – деп атам қазақ бекер айтпаған шығар. Бізге бірлік, татулық, ынтымақ керек. Айтылғандардың бәрі көңілге қонады. Әсіресе халықтың мұң-мұқтажы, халықтың жағдайын көтеру: құрылыс жағы, үйменен қамтамасыз ету, жалақы көтеру, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақыларын көтеру, әскери қызметкерлердің жағдайын жасау керек, олардың жалақыларын көтеру, барлық жағына көңіл бөлу керектігін айтты. Осының бәрін істеу халықтың өз қолында деп білемін. Халықтың Президентке деген көзқарасы өте жақсы. Менің де Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыты дұрыс екеніне сенімім мол. Елдің жағдайы жаман емес: пенсия жыл сайын көтеріліп жатыр, биыл да 8,5 пайызға көтеріледі. Келесі жыл «Құрылыс жылы» болып жарияланды. Тек қана құрылыс емес, ауыл шаруашылығына да көңіл бөлініп жатыр. Мысалы, биыл астықтан он бес жылда алмаған өнім алынды, 24 млн. тонна астық алынды. Бұл – халықтың жағдайы түзеледі деген сөз. Халықтың жағдайы қай уақытта түзеледі? Ел іші тыныш болса, ел тоқ болса, жұмыс бар болса, халықтың жағдайы дұрысталады. Жолдаудың өзі осы бағытта айтылған. Біз, әрине, қолдаймыз! Енді, тек қана алға дейміз! Ел аман болсын! Жұрт аман болсын! Ел іргесі сөгілмесін!
Жұмағұлов
Нұрлыахмет Дубекұлы,
Зейнеткер
Талдықорған қаласы








