Азия ойындарына іріктеу

148

Индонезия елінде әйелдер арасынан көгалдағы хоккей құрлық бәсекесіне  іріктеу кезеңі басталды. Жарыс жеті елдің арасында жазғы Азия ойындарына іріктеу үшін өтуде.

Жолдамаға таласқан  мемлекеттер  арасында   Қазақстанда тыс қалмады. Жарысқа Қазақстан Ұлттық құрама әйелдер командасынан 18 спортшы  ат салысуда. Енді қыздарымызға Қытай, Сингапур, Өзбекстан, Камбоджа, Шри-Ланка және Индонезия елдерінің спортшы қыздарымен сынға түсіп, Азия ойындарына іріктеуден сәтті өту керек.

Бірінші іріктеу еліміз үшін сәтті басталды десек  болады. Себебі, Нұржан Бейбітов баптаған команда алғашы бәсекені жеңіспен аяқтады. Хоккейшілер Индонезия спортшыларын қапыда қалдырып, өз күштерінің басымдылығын дәлелдеді. Ал, келесі ойын Өзбекстан спортшыларымен болады деп күтілуде. Алдағы ойындарда қыздарға сәттілік тілеп, жеңіспен оралады деп сенейік.

 ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ