Алыптар сайысы

0
1289

Жаркент  төрінде  алғаш рет «Толағай» алыптар сайысы өтті. Еліміздің салт-дәстүрін насихаттап, этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткен додаға отыз  толағай қатысты.

Толағайға  қатысушылар спорттың 5 түрінен бақтарын  сынады. Бірінші сайыста ойын талабы бойынша 10 келіден асатын найзаны алысқа лақтырудан болса, екінші додада батырлар 141 келі тартатын ауыр тасты қашықтыққа жүріп өту керек болды. Ал, үшінші сайыстың ережесі бойынша алыптар жуан әрі ұзын темірді майыстырудан сынға түсті. Келесі кезекте салмағы 100 келі тартатын бөренені көтеріп отырып-тұрудан бақ сынасты. Бесінші әрі соңғы сайыс шын мықтыны анықтау үшін, 500 келі жүк тиелген арбаны ұзақтыққа сүйреуден өтті.

Алыптар сайысының нәтижесі бойынша толағайдың бас жүлдегері атанған жаркенттік Дәурен Кауменов жеңімпаз белбеуі мен 500 мың  теңге ақшалай  сыйақыға ие болды. Екінші орынға қаламыздың намысын қорғауға барған жерлесіміз Ибрагим Берсанов жайғасса, үшінші орынды Райымбек ауданынан  Қастер Сарқытбек иеленді.

Айнұр БЕКМОЛДИНА


ПІКІР ЖАЗУ