Онлайн тренинг өтті

974

Алматы облысының Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен «Адам құқықтарының тұжырымдамасы» атты 3 күндік вебинар-тренинг өтті.

Тренингті өткізудегі мақсат облыстағы үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін арттыру. Жиында «Талдықорған құқық қорғау орталығының» директоры Виктор Тен сөз алып, сүбелі ойларын ортаға салды.
Вебинарға 30-ға жуық үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысып, маңызды деген мәліметтермен қанықты. Отырыс соңында қатысушылар тарапы сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
Ал аталмыш іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қаржылық демеуімен іске асты.

Л. АЙДЫНҚЫЗЫ.

Бөлісу: