Үйірмеге үйір бол!

0
959

Нұрай ІЛИЯСҚЫЗЫ:  «Талдықорған қаласы Еркін  ауылындағы № 26 орта мектептің 5 сынып оқушысымын. Жазғы демалыс уақытында «Мейірім»  оқыту орталығында кестелеу үйірмесіне қатысып,  кестелеудің қыр сырын үйренудемін. Алғаш орталыққа  барғанымда біраз қобалжып,  ине ұстауға қорықтым. Ұстазым Нұргүл Ершатқызы өте білікті, білімді, шебер,  өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтынына қарап бойдағы қорқынышым бірден басылып,  кестелеуге деген құлшынысым арта түсті.  Қазіргі  карантин уақытында бәріміз маска тағып жүруге міндеттіміз. Соған орай сабаққа тағатын масканы кестелеп, өзіме ұнайтындай етіп  тігіп алдым. Сонымен қатар үйірмеде  үйренгендерім жетерлік. «Мейірім» орталығындағы  ұстазыма шексіз алғысымды білдіремін. Сабақтан бос уақытымды тиімді пайдаланатыныма өте қуаныштымын. Осындай оқыту орталығының барына қуаныштымын.  Орталықтың өнерлі шәкірттері  көп бола берсін».

* * *

Мөлдір МУХАМЕТКЕЛДІҚЫЗЫ: «Қыздарым  Ахатова  Наиля мен Адель  кішкентайынан  өнерге жақын. Наиля  математика мен әдебиет пәнін жақсы көреді, өскенде дәрігер болуды армандайды. Бос уақытында сурет салып,  кітап оқиды. Бес жасынан  балет-гимнастикаға қатысады, би билегенді  де жақсы көреді. Ал  Адель болса  Отанын қорғайтын әскери   қызметкер болсам деп армандайды. Екеуі де бірінші сыныпты үздік бітірді.   Қандай  шаруа жасаса да, қайда барса да үнемі  бірге. Жазғы демалысты бос өткізбесін, уақыттарын ұтымды пайдалансын деп  «Мейірім» шығармашылық орталығындағы  бейнелеу мен шешендік өнер үйірмесіне  жаздырған едім. Қыздарыма   сабақ өте қатты ұнайды. Осында келгелі  біраз  нәрсені игерді,  әлі де үйреніп жатқандары көп. Шешендік өнер де, бейнелеу де заман талабына сай қажетті мамандықтың бір түрі   деп есептеймін. Сондықтан болашақта қыздарымның бірі осы саланы таңдар деген ойдамын. Ата-ана ретінде «Мейірім» шығармашылық орталығының ұжымына алғыс айтамын, тынымсыз еңбектеріне жеміс тілеймін».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ