Өмірдің мәні – жақсы өмір сүру

0
296

«Достық үйінде» Алматы облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» 1-полиция батальонының жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық даярлығын дамыту және суицидтің алдын алу шараларын өткізуге арналған «Өмірдің мәні – жақсы өмір сүру» атты тақырыпта  конференция өтті.

Конференцияда  әлем бойынша орын алып жатқан маскүнемдік, нашақорлық және суицид секілді өзекті мәселелер көтерілді. Жиынға қатысушы нарколог, психиатр мамандары осы негізде өздерінің баяндамларын жасап, қатысушылардың қойған сауалдарына  жауап  берді.

Айта кетейік осы негізде  1-полиция батальонының аға инспектор-психологы полиция капитаны Динара Мамырова қызметкерлермен тренинг-жаттығуларын, кәсіби-психологиялық даярлығын дамытуға бағытталған дөңгелек үстел, конференция, дәріс, семинар сабақтарын ұдайы ұйымдастыруда. Сонымен қатар диагностикалық зерттеу барысында, зиялы заттарға бейім немесе мінез-құлқының ахуалдарының алдын алу мақсатында психологиялық кеңес, түзету және релаксация жұмыстарын да  жүргізіп келеді.

Диана Айдарбекқызының айтуынша, қызметкерлердің стресс, депрессияға ұшырамау үшін психологиялық тұрғыдан барлық жағдайларды ескере отырып, өзгертулер енгізілуде. «Психология ғылымы – тұрақсыз ғылым, көптеген әдістемелік құралдары бар, дегенмен біздің мұсылман халқымыздың менталитетіне келетін құралдардың сандары аздау. Бұндай қиыншылықтарға қарамастан психолог маманы жан-жақты, творчестволық көзқараспен, тартымды, позитивті, сенім артатын адам болуы қажет»,  – дейді ол.

Конференцияны өткізудің басты мақсаты – шақырылған мамандармен (нарколог, психиатр, дін өкілдері) нашақорлық, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру тақырыптарында профилактикалық жұмыстарын жүргізу,  теориялық, практикалық мәліметтерін беру, өзекті мәселелерге талдау жасау,  өмірге деген құштарлықтарын ояту, мотивация беру болып табылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 


ПІКІР ЖАЗУ