КӘСІБІН КЕҢЕЙТТІ

0
326

 Кәсіпкер Нұргүл  Санатбек «Атамекен  Жетісу» МҚҰ ЖШС арқылы 7 миллион теңге несие алып, Жетісу облысы Көксу ауданында «1000 ұсақ-түйек» дүкенін кеңейтті.

1000 ұсақ-түйек дүкені (тойбастар, ыдыс-аяқ, тоқыма бұйымдары, ұсақ-түйек заттар және т.б.) – жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін ең танымал бизнес-идеялардың бірі. Бұл идеяны әсіресе әйелдер пайдаланады, өйткені бұл тауарлар  оларға қаржылық тәуелсіз болуға ғана емес, сонымен қатар, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кез келген үйге қажетті түрлі ұсақ-түйек заттармен сауда жасау қашанда тиімді кәсіп болған. Нарықта дүкендердің белгілі бір түрлері пайда болып, олар «үйге  арналған 1000 ұсақ-түйек» деп аталды.

«Көптеген адам өз кәсібін ашуға ұмтылады. Ал  оларға, бүгінгі экономикалық жағдайда жан-жақты қолдау қажет. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері «Атамекен Жетісу» МҚҰ арқылы 170-тен астам кәсіпкер жеңілдетілген несие алды», – дейді Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Нұргүл  Санатбек    алдағы  уақытта тауар сату орындарын кеңейтіп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 


ПІКІР ЖАЗУ