ЖАҢА БАСЫЛЫМ жарыққа шықты

0
421

Жетісу облысының ақпарат айдыны жаңа жылда жаңа басылыммен толығып, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Вестник Жетісу» газетінің тұсауы кесілді.  Жас басылымның таныстырылуында «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Хасан Еспанов пен бас редактордың орынбасары Забира Сайдильдина  БАҚ өкілдеріне газеттің бағыт-бағдары, құрылымы жайлы толыққанды ақпарат берді.

Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің Қонаев қаласына ауысуына байланысты «Вестник Жетісу» газеті «Өлке Тынысы» ЖШС-нің жанынан құрылған.  Бүгінгі күні бастамасы айқын, мақсаты анық басылымның алғашқы саны оқырманға жол тартып, талғамы биік көрерменнің ыстық ықыласына да бөленіп үлгерді. Аптасына үш  мәрте жарық көретін газет ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетіне тіркелген.

– Жаңа жыл басында өз қызметін жаңа парақтан бастаған жас басылым Жетісу облысының барлық саласындағы өзекті мәселелерімен қатар өңірдегі қаламы қарымды қаламгерлердің сарапталған, құнды мақалаларын да жариялайтын болады. Сонымен қатар жақында газеттің арнайы веб-сайты әзірленіп, әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар өз жұмысын жүргізеді деп жоспарлап отырмыз. Осының арқасында оқырмандарымызды ғаламтор арқылы күнделікті ақпараттандырып отыратын боламыз, – деген  Хасан Еспанов жаңа жобаны іске асыру үшін қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімдігіне алғысын білдірді.

Жетісу  жерінде  жарық  көрген  жаңа басылымның оқырманы көп болғай.

А. СМАҒҰЛ.


ПІКІР ЖАЗУ