ӨРТ.ЖОҒАЛҒАН АДАМ.2 682 — ТӘРТІП БҰЗУ ОҚИҒАСЫ
Облыс аумағында мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары алдын ала ұйымдастырыл-ды. алдын алу жұмыстары ЖҮРГІЗІЛГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН, БІРШАМА ОҚЫС ОҚИҒАЛАР МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЙТТАРЫ тіркелді. Бұл ТУРАЛЫ журналистермен өткен брифингте айтылды.
Жетісу облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов пен облыстық ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының басшысы Қалдыбек Төлеұлы БАҚ қызметкерлеріне толық баяндама жасады.
Төтенше жағдайлар қызметі
ТЖД қызметкерлері мереке күндері қарсаңында, яғни 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 5 қаңтар аралығында Жетісу өңірі бойынша болған төтенше жағдайлар туралы ақпаратпен бөлісті. Төтенше жағдай кезінде қалтқысыз қызмет еткен жұмысшылар 31 рет дабыл қаққан оқиғаларға шақыртылған. Олардың ішінде 6 – өрт оқиғасы, 1 – көміртегі тотығымен улану жағдайы, 1 – республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуы, 1 – авариялық-құтқару жұмыстары, 1 – іздеу-құтқару жұмысы және жер сілкінісі оқиғасы тіркелген.
Нақты фактілерге тоқталсақ, 2024 жылдың 31 желтоқсан күні таңғы 07:18-де Талдықорған қаласы, 3-Бөлімшеде жеке тұрғын үйдің жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 25 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.
Өлшемі 10х12 м болатын 2 қабатты үйдің өртке орану себебі газ-ауа қоспасының ауаға тарап, жарылыстың орын алуы дейді ТЖД бөлімшесі. Оқиғаның салдарынан 7 адам зардап шеккен, оның ішінде 3 бала бар. Өкінішке қарай, ауруханаға жеткізілген 2 адам қайтыс болған.
Тағы бір осы тектес оқиға 4 қаңтар күні Ескелді ауданы, Қаратал ауылының жеке тұрғын үйінде орын алған. Қатты отынмен жылытылатын пештің ақауына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 1965 жылы туған азамат ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
Жалпы, қыс мезгілінің басынан бастап облыс аумағындағы республикалық автожолдар 15 рет жабылып, (Үшарал-Достық-5, Алматы-Өскемен-2, Сарыөзек-Көктал-2, Көлбай-Үшарал-3, Сарқан-Үшарал-1, Үшарал-ГРС. Абай-2) 5 рет шектеу енгізілген. Қысқы кезеңнің басынан Төтенше жағдайлар департаментінің жұмылдырылуымен авариялық-құтқару жұмыстары 14 рет жүргізілді, нәтижесінде 190 адам (185-ересек, 5-бала) құтқарылыпты.
4 қаңтар күні облыстағы қолайсыз ауа-райының салдарынан Үшарал-Достық Республикалық маңызы бар автожолы кезекті түрде қайта жабылған. «Үшарал-Достық» жолының 84 км-ден – 164 км-ге дейінгі Көктұма кенті-Достық станциясының аралығында барлық автокөліктің түрлерінің жүруіне тыйым салған. Ауа-райына байланысты 5 қаңтардан бастап жол қайта ашылған.
Жоғарыда аталған күні «Үшарал-Достық» Республикалық маңызы бар автожолының жабық учаскесінде ТЖД күштерімен 5 жеңіл автокөлік пен 11 адам қар құрсауынан құтқарылып, Достық станциясына жеткізілген. Оның ішінде 3 балаға медициналық көмек қажет болмады. Бұл жұмыстар үшін 6 қызметкер және 2 техника (Трэкол, Вахтовка) жұмылдырылған.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар қызметіне 31 желтоқсанда Матай ауылынан 45 км жерде 1966 жылы туылған азамат, малды жаяу бағуға кетіп оралмағаны туралы ақпарат түскен. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары 6 ж/қ, 1 техника, ЖҚЖ 10 құтқарушы, 1 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1 кинологиялық есептеу, ЖАО 10 адам, 2 техника, Полиция Департаментінен 6 ж/қ, 2 техника жұмыс атқарған. 3 қаңтар күні «Шалқар» ШҚ-нан 20 шақырым жерде Үшкөл учаскесінен іздестірілген азамат дін аман табылған.
2 қаңтарда ҚР ТЖМ Сейсмологиялық ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді, эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орын алған (Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басшы ауылынан 18 км, таулы жерде). Жағдайды нақтылау үшін, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мен басқа да ұйымдары қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпаратпен бөлісті. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, автожолдар, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, ешбір жанның зардап шекпегені айтылды.
Полиция департаменті
Жетісу облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған істер туралы ақпараты:
31 Желтоқсан мен 4 қаңтар мерекелік демалыс күндері облыс көлемінде барлығы 2 682 әкімшілік бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде жол қозғалысы бойынша – 1 898, қоғамдық қауіпсіздік бойынша – 784, соның ішінде 440 бабы (қоғамдық орында мас болу) – 56, 434-2 бабы (қоғамдық орынды ластау) – 9, 442 бабы 2 бөлігі (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) – 27 тіркелген.
Жетісу облысы бойынша күнделікті қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1 мыңнан астам қызметкер мен 110 көлік құралы тартылады. Соның ішінде, Талдықорған қаласы бойынша 276 қызметкер (140 полиция қызметкері және Ұлттық Ұланның 136 сарбаздары) мен 45 көлік қаладағы күнделікті тәртіпке жауап береді. Ал Жаңа жыл мерекесі күндері жалпы облыс аумағында қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтауға 2 мыңнан астам қызметкер және 200-ге жуық қызметтік көлік құралдары тартылған. Талдықорған қаласы бойынша 400-ден аса қызметкер, 80 қызметтік көлік жұмылдырылыпты.
Полиция департаментінің бұйрығымен гарнизон желтоқсанның 31-інен қаңтардың 8-іне дейін қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылып, мереке күндері өңірдің тыныш болуына үлкен қызмет жасады.
Департамент қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери бөлімінің басшылығымен бірлесіп мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеке құрамның жоспар-орналасуы құрастырылып, бекітілген. Көшелер мен қоғамдық орындарда, оның ішінде мерекелік іс-шаралар өтетін және азаматтар жаппай шоғырланатын орындарда қосымша күштер мен құралдарды тарта отырып, полиция кешенді күштері жасақтары азаннан күннің суығына қарамастан жұмыла жұмыс атқарды.
Қауіпті аймақтардың радиусын, жер бедерін, ауа райы жағдайларын, іргелес объектілердің сипатын және оларды пайдалану қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторларды ескере отырып, мерекелік отшашуды ұшыру орындарын күзету де қатаң түрде бақыланды.
Іс-шаралар өтетін, азаматтар жаппай шоғырланатын және демалатын орындарға Жедел басқару орталығының бейнебақылау каме-раларының көмегімен тәулік бойғы визуалды бақылау орнатылып және кез келген қоғамдық тәртіпті бұзуға дереу ден қою қамтамасыз етілген. Мемлекеттік күзет қызметі басқармасымен бірлесіп, маңызды және ерекше маңызды, мемлекеттік күзетілуге жататын, тіршілікті қамтамасыз ететін және террористік тұрғыда осал объектілерді, ПД-нің арнайы мекемелерін, әкімшілік ғимараттары мен үй-жайларын, арттехқару қоймаларын күзету, сондай-ақ жеке құрамның қызмет өткеруіне де бақылау күшейтіліп, сақтық шаралары жүргізілген.
Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы және Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау тобы бірлесіп, жеке күзет мекемелерінің басшыларымен олар күзететін объектілерде, оның ішінде азаматтар жаппай келетіндерде (сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары және т.б.) қауіпсіздік шараларды күшейту бойынша нұсқаулық өткізіліп, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.
Қылмыс жасау фактілерді болдырмау мақсатында Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарға бақылауды күшейтіп, олардың мекен-жайлары бойынша тексеру, алдын алу шараларын жүзеге асырған.
Төтенше жағдайлар департаменттермен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірлері мен денсаулығына зиян келтірмеу, сондай-ақ пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде өртке қарсы қорғаныс бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қару айналымын бақылау жөніндегі бөлімше қызметкерлерімен, учаскелік полиция инспекторларымен, патрульдік жасақтармен сертификацияланбаған пиротехникалық өнімдерді сату фактілерді айқындау және жолын кесу бойынша қосымша нұсқаулық өткізіліп және оларды сатуға бақылау қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында Заңсыз пиротехникалық өнімдерді сатудың 35 дерегі анықталып, сатушылар әкімшілік жазаға тартылды.
Мереке күндері қаншама оқыс оқиғалардың орын алатынын барлығы білетін болар. Жоғарыда көрсетілген деректер мен атқарылған жұмыстардың бәрі қарапайым халықтың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Бұл оқиғалар мен қанша тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін Полиция департаменті және Төтенше жадайлар департаменті қызметкерлері, құтқарушылары аянбастан, мерекелік демалыстарға қарамай халық қамы үшін жұмыс жасайды. Тәртіп сақшыларының жұмысына адал болып, отбасыларын екінші орынға ысыра, облыс тұрғындарының тыныштығын күзеткені үшін алғыс білдіреміз. Жұмыстарыңызға сәттілік!
ГҮЛНҰР ЕРМҰХАНҚЫЗЫ