ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен кездесу барысында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жаңа жинақ көпшілікке таныстырылды. Мың данамен жарық көрген кітап алдағы уақытта өңірдің барлық кітапханалары мен архивтеріне таратылады деп жоспарлануда.
Жетісу өңірінен Ұлы Отан соғысындағы майдан даласына 120 мыңнан астам адам аттанып, оның 47 мыңы ұрыс далаларында мәңгілікке көз жұмды. Жетісулық 38 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, 5-еуі Даңқ орденінің толық иегері, 58-і ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегері атанды. Осы және басқа да құнды деректер Жетісуда облыс әкімдігінің қолдауымен Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кітапта кеңінен жазылып көрсетілген. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тыл еңбеккерлерімен, құқық қорғау және әскери органдар қызметкерлерімен кездесу жиынында осы жинақтың тұсауы кесілді.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
Суретті түсірген: Жеңіс Ысқабай