ТҰРҒЫН ҮЙ — ТЕК БАСПАНА ЕМЕС, ОЛ — БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

0
59

Еліміздегі әр 18-63 жасқа дейінгі азаматты ойландыратын тақырыптардың бірі – тұрғын үйге қалай қол жеткіземін деген сауал болар. Пәтер бағасы жыл санап қымбаттап тұрған уақытта қолма-қол қаржымен үй алу қиынның қиынына айналды. Алайда, жыл сайын шарықтап жатқан тұрғын үй бағасы мен күнкөріске ғана жететін жалақы көбіміздің бұл арманымызды кейінге ысырып жатқаны жасырын емес.

Бірақ қазір сіз бен біздің арамызда үй алу үшін түрлі екінші деңгейлі банктердің көмегіне жүгіну тығырықтан шығудың амалына айналды. Бұған дейін біз «Отбасы банк» арқылы жастарға арналған жеңілдетілген бағдарламалар жайында жазған едік. Бүгінгі мақалада «Банк ЦентрКредит» ұсынатын ипотекалық несие түрлеріне кеңінен тоқталамыз.

«JAÑA ИПОТЕКА» – ЖАҢА БАСТАМАҒА ЖОЛ АШАТЫН БАҒДАРЛАМА

«JAÑA ипотекасы» 21 жастан бастап 68 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына арналған. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы немесе қайталама нарықтан үй сатып алуға мүмкіндік бар. Несие мерзімі 15 жылға дейін, ал берілетін сома – 100 млн теңгеге дейін жетеді.
Ипотекалық несиенің жылдық номиналды мөлшерлемесі 3,5%-дан басталып, 14%-ға дейін жетуі мүмкін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – 3,6%-дан 15%-ға дейін. Бұл пайыздар несие алушының кірісін қалай растайтынына байланысты болады.
Кірісті толық растаған жағдайда, бастапқы жарна ретінде үй құнының кем дегенде 20%-ын төлеу қажет. Ал кірісті жанама растаған жағдайда, жарна көлемі 50%-ға дейін өседі. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларында 20% жарнамен алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – 50 млн теңге, облыс орталықтарында – 45 млн, ал басқа өңірлерде – 30 млн теңге.
Несиені рәсімдеу мен өтінімді қарау үшін банк ешқандай комиссия алмайды. Бірақ, алынатын мүлікті міндетті түрде сақтандыру қажет.

«ИПОТЕКА ПЛЮС» – ҚОСЫМША КЕПІЛ АРҚЫЛЫ ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

«Ипотека ПЛЮС» бағдарламасы бастапқы және қайталама нарықтағы үйлерге арналған. Бұл бағдарламада клиент бастапқы жарна ретінде қосымша мүлікті (үй немесе пәтер) кепілге қоюға құқылы, және бұл – үлкен артықшылық.
Жылдық пайыздық мөлшерлеме – 16,8%–17,7%, ал тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 18,2%–19,2%. Несиенің ең жоғарғы мерзімі – 15 жыл. Бастапқы жарна 20%-дан басталады. Жарна 30%-дан жоғары болса, онда тұрғын үй бағасына шектеу қойылмайды. Өтінімді қарау мен несиені рәсімдеу үшін банк комиссия алмайды. Сақтандыру құны – несие сомасының 1,5%-ын құрайды.

«ИПОТЕКА ҮҚШ» – ҮЛЕСТІК ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН

Егер сіз құрылыс кезеңінде үй алғыңыз келсе, яғни үлестік қатысу арқылы пәтер сатып алуға ниетті болсаңыз, «Ипотека ҮҚШ» бағдарламасы сіз үшін тиімді болады. Бұл бағдарлама арқылы тек аккредиттелген құрылыс компанияларынан тұрғын үй алуға болады.
Несие сомасы – 80 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 16,8%-дан 18,3%-ға дейін, ал тиімді мөлшерлеме – 19%-20%. Бастапқы жарна кемінде 20%, ал егер 30% жарна төленсе, тұрғын үй құнына шектеу қойылмайды. Несиені рәсімдеу үшін жалақы жобасына қатысушылар 1% комиссия төлейді, ал басқа клиенттер – 2%. Өтінім беру үшін банкке 5000 теңге комиссия төленеді.

«7-20-25» – МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ ИПОТЕКА

Елімізде тұрғын үй сатып алуға арналған ең танымал бағдарламалардың бірі – «7-20-25». Бұл бағдарлама мемлекеттік қолдауға ие, әрі ең төменгі пайызбен берілетін несие түрі.
Бағдарламаға қатысатын азаматтың жасы 18 бен 68 аралығында болуы тиіс. Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін. Бастапқы жарна – 20%-дан басталады. Жылдық пайыз – небәрі 7%, ал ЖТСМ – 7,2%. Несиенің ең жоғары сомасы өңірге байланысты. Мысалы,
Алматы мен Астанада және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекара шегіндегі қала маңы аймақтары; Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін – 25 млн теңгеге дейін,
Қарағанды және Түркістан қалалары үшін 20 млн теңге;
ал басқа өңірлерде – 15 млн теңгеге дейін.
Алайда бұл бағдарламаға қатысу үшін бірқатар шарттар бар:
— Сіздің атыңызда тұрғын үй болмауы тиіс;
— Қазіргі уақытта басқа ипотекалық несиеңіз болмауы керек;
— Бұрын бұл бағдарламаға қатыспаған болуыңыз қажет.

«ЖИНАҚТАУШЫ ИПОТЕКА» – ҮЙГЕ ЖОЛДЫ АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛА

Бұл бағдарлама – табысын ресми түрде дәлелдей алмайтын, бірақ ай сайын депозитке қаражат жинай алатын азаматтарға арналған. Жинақ мерзімі кемінде 6 ай болуы керек. Осы кезең ішінде азамат тұрақты түрде салым салып отырса, кейін арнайы ипотекалық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады. Жинақтаушы ипотека бойынша негізгі ұсынылатын салым – «Чемпион» депозиті. Бұл бағдарлама әсіресе еркін еңбек ететін, ресми емес табысы бар тұрғындарға тиімді.
Қорытындылай келе, Банк ЦентрКредит арқылы баспана алу – бүгінгі таңда нақты әрі қолжетімді мүмкіндік. Әр бағдарлама өзінше тиімді. Егер сіз ресми табысыңызды растай алсаңыз – жеңілдетілген шартпен ипотека алуға болады. Сонымен қатар, табысыңыз толық болмаса да, қосымша мүлік арқылы кепіл беріп, тұрғын үй мәселесін шешуге болады. Ал жинақтаушы ипотека сізге болашақта үй алуға жоспар құруға көмектеседі.
Таңдау көп, шешім өзіңізде. Бастысы, дұрыс бағдарлама таңдап, үйлі болуға алғашқы қадам жасау. Егер қызығушылығыңыз артып, не болмаса мақаладан түсінбеген өзіңізге ыңғайлы ипотекалық бағдарламаның толық шарттарын Банк «ЦентрКредиттің» бөлімшесіне барып біліңіз. Сонымен қоса, ресми сайтынан қосымша ақпарат алып, өтінім беру арқылы өзіңізге баспанаға қол жеткізуге жол ашыңыз!

Гүлнұр БАЙМҰХАН


ПІКІР ЖАЗУ