Оқушыларға Шекара академиясы таныстырылды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлім бастығының орынбасары майор Қайсар Рахметчаев Қорғас орта мектебінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында майор Қайса Рахметчаев ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері мен тәртібін түсіндіріп, әскери қызметтің маңыздылығы мен шекарашы мамандығының ерекшеліктерін кеңінен әңгімеледі.
Шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие беру, болашақ шекарашыларды даярлауға қызығушылықты арттыру және жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсуге ынталандыру.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
