ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ТАРТЫСЫ

Талдықорғанда грек-рим күресінен жас балуандар бас қосқан ірі спорттық дода өтті. Үш күнге созылған турнир еліміздің және жақын шетелдің мықты спортшыларын біріктіріп, спорт сүйер қауымның назарын аудартты.
Жастар спорт сарайында 02-04 желтоқсан аралығында ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Қуаныш Еркінұлы Маназаровты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2009–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы IV Республикалық ашық турнир өтті. Жарыс бапкердің есімін ұлықтап қана қоймай, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға арналған маңызды алаңға айналды.
Биылғы турнирге Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген 22 команда, яғни 350-ге жуық жас балуан 48 келі салмақ дәрежелерінде қатысты. Дода халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары да бозкілемде бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орын – Жамбыл облысы
2-орын – Өзбекстан Республикасы
3-орын – Жетісу облысынын Жақсылық Үшкемпіров атындағы интернаты
Жас балуандар көрсеткен қайсарлық пен жеңіске деген жігер — олардың болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастауы. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды жарыстағы табысты өнерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Мұрат КҮМІСБЕК
Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының тілшісі
