Тәуелсіздік күніне орай оқушылармен патриоттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне» орай Екіаша орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен «Ел қорғау — ерлік пен намыс жолы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға ел тәуелсіздігінің маңызы, Отан қорғаудың қасиетті борыш екені және шекара қызметінің жауапты міндеттері туралы кеңінен айтылды. Мұндай патриоттық бағыттағы кездесулер жас буынның бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
