АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

0
24

21 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы ардагерлер үйінің мәжіліс залында Жетісу облысының «Қазақ аналары — дәстүрге жол» атты қоғамдық бірлестігінің аудандық «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестік төрайымдары бас қосты.

Жиынды ұйымдастырушы «Ауыл» саяси партиясының Талдықорған қалалық филиалы. Жиынды басқара отырып толық түсінік берген партияның қалалық филиалының аппарат жетекшісі Ақжан Мұсахметов бірлескен жұмыстарды баяндады. «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігімен соңғы 3 жылда өте тығыз байланыста жұмыс жасап жүргенін де айта кетті ол.
Жиынға Республикалық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бас кеңесшісі Зәмзәгүл Мұқанова қатысты. Сонымен қатар Талдықорған қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Рахым Тұрланов пен Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков те болды. Жиынның өту барысында белсенді жұмыс атқарып жүрген төмендегі аналар Ауыл партиясының құрылғанына 25 жылдық юбилелік медалімен марапатталды.
1. Ахметова КүлзинатЗакірқызы — Талдықорған қаласы;
2. Ибрагимова Мәриямкүл Оспанқызы — Көксу ауданы;
3. Сүдірбаева Есбала Байболатқызы — Сарқан ауданы.

Сембек ӘБДІ-РАХМАН