ЖАҢА ЖОЛ АЙЫРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

0
25

Талдықорған қаласында көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге аса бастады. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығы мен Ынтымақ тұрғын алабынан қалаға қатынайтын жаңа жол айырығының құрылысы қолға алынды.

Осыған байланысты қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс алаңына арнайы барып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Әкім жобаның сапасына ерекше мән беріп, жол айырығының көлік қозғалысы үшін қауіпсіз болуын және белгіленген мерзімде толық аяқталуын қатаң тапсырды.
Айта кетейік, «Береке» мен Ынтымақ тұрғын алабының халқы қалаға жету үшін шамамен 2 шақырымға жуық артық айналма жолмен жүруге мәжбүр екенін жеткізген болатын. Осы мәселені шешу мақсатында биыл жаңа жоба әзірленіп, «Алматы – Өскемен» автожолының 259-шақырымында, яғни Ынтымақ тұрғын алабы мен «Береке» коттедж қалашығына апаратын тұста жол айырығының құрылысы басталды. Жобаның жалпы ұзындығы шамамен 300 метрді құрайды.
Мамандардың айтуынша, жоба толық жүзеге асқаннан кейін қала мен аталған елді мекендер арасындағы көлік қатынасы едәуір жеңілдеп, жол қауіпсіздігі артады.

Алиса ЕСЕНБЕКОВА,
ЖУ студенті