ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алакөл өңірінде жаңа кітап жарық көрді. «Өміріме ризамын» атты жинақ Алакөл ауданының Құрметті азаматы Баян Қайыпбергенқызы Рысбекованың өмір жолына арналған.
Кітапта кейіпкердің комсомол, партия, кәсіподақ және білім салаларындағы, сондай-ақ облыстық, қалалық әкімдіктердегі ұзақ жылдық қызметі кеңінен баяндалған. Жинаққа республикалық, облыстық және аудандық басылымдарда жарияланған мақалалар, сұхбаттар мен тарихи деректер де топтастырылған.
Бұл еңбек – бір адамның тағдыры арқылы тұтас бір кезеңнің тынысын танытатын, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын тағылымды туынды. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
