Сайын даланың Сайыны

0
34

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде 15.10.2026 ж.  туған күніне орай қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі әлеміне танымал жазушы Сайын Мұратбековтың 90 жылдық  мерейлі жасына арналған « Сайын даланың Сайыны» атты мерейтойлық конференция өтті. Конференцияға  ҚР жазушылар одағынан ҚРЖО басқарма төрағасы Мереке Құлкенов бастаған бір топ жазушылар қатысты. Облыс әкімінің міндетін атқарушы  Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы ҚР вице президенті Ерлан Кариннің құттықтауын жеткізді. Конференцияға Сайын Мұратбековтың  туған қарындастары Майра  және Мағрипа Мұратбековалар мен жерлестері де қатысып отырды. Ұйымдастырушы — Жетісу облысы мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы. Конференцияны басқарма басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов жүргізді. Конференция өте тартымды өтті. Бұл жөнінде толық мәлімет газетіміздің келесі санында беріледі.

Сембек Солтанұлы

«Алатау»