ИСПАНИЯДАҒЫ ЖЕҢІС

185

Испанияда Киокушинкай каратэ IFK-ден 6-шы әлем чепионаты өтті. Қазақстан атынан  85 спортшы  ел намысын қорғаса,  Алматы облысынан бас жаттықтырушы Зайна Махмудқызының жетекшілігімен жарысқа 5 спортшы қатысты.

Жалпы 40 елден 500-ге жуықкаратэші қатысқан додаға жерлестерімізРеспубликалық Федерация қолдауымен барған.Намысты қолдан бермей қоржынға  17 алтын, 17 күміс, 14 қола медаль салған татами шеберлері осы жолы ерекше жеңіспен оралмақ. Соның ішінде Алматы облысынан барып сынға түскен талдықорғандық Еркебұлан Бейсембаев бірінші тартыста Маврикиа елінің спортшысымен күш сынасса, екінші тартыста Испаниядан келген спортшыны жеңіп, үшінші кезекте болгариялық спортшыдан басым түскен. Ал ақтық сында Еуропа чемпионы Нидерланды өкілімен бақталасып екінші орынның лайықты жүлдегері атанды.

Сонымен қатар ел намысын қорғаған талдықорғандық  Сания Калиахметова алғашқы жекпе-жегін Испания спортшысы Сара Грациямен бастады. Ал, екінші тартысын Нидерланды спортшысымен кездесіп, өз күшінің басым екенін көрсетті. Ақтық сында Болгария өкілімен тартысып, құрметті 2 орын иегері атанды.

Сондай-ақ, чемпионатта бой көрсеткен спортшыларымыздың ішінен Алина Осипенко мен Дарья Плужникова 1 орынды иеленсе, Камила Маусынбаева 2 орынды жеңіп алды.

А. ОРАЛБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ