«Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылды

222

Еліміздің жеті қаласында қолжетімді спорт жобасы аясында тегін спорттық сабақтар жүргізілуде. Бұл жоба қала тұрғындарын  спорт түрлеріне бейімдеу мен  үйретуге бағытталған.

«Қолжетімді спорт жобасы»  алғаш рет еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 2021  жылдан  бастау алған. Ол сол жылдың соңына 20 мыңға жуық елорда тұрғынын қамтыған. Ал, биылғы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің Алматы, Талдықорған, Шымкент, Семей, Петропавл, Ақтау қалаларында ашылып, қала тұғындарында тегін спорт сабақтарын өткізуде.

Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Қала тұрғындарына ұсылынған спорт түрлері;  скандинавиялық жүріс, жүгіру, каратэ, үстел теннисі және фитнес. Бұл спорт түрлерін арнайы мамандандырылған нұсқаушылар мен жаттықтырушылар қала саябағында жүргізеді. Айта кетерлігі 1,5 сағатқа созылатын сабақтың көбі кеш-кі уақытқа ұйымдастырылған. Сонымен қатар, әр спортқа қатысушылардың жас шектеулері де бар. Яғни,  үстел теннисі, фитнес, скандинавиялық жүріс 18 жастан бастап болса, каратэ мен жүгіруге7 жастан бастап қатысуға болады.

Айнұр БЕКМОЛДИНА

Сурет ғаламтордан алынды.

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ